Алексей Луценко Испаниядағы веложарыста жеңіске жетті

0
609

Екінші орын француз Тони Галлопенге бұйырды.


Алексей Луценко Испаниядағы веложарыста жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Бүгін Испания жолдарында бір күндік веложарыс өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

Жарыста астаналық Алексей Луценко жеңімпаз атанды. Екінші орын француз Тони Галлопенге бұйырды. Үшінші орын «Астананың» тағы бір өкілі, италиялық Симоне Веласконың еншісінде.

Қалған астаналық шабандоздар жарысты келесі нәтижелермен аяқтады: Евгений Федоров – 20-шы, Нұрберген Нұрлықасым – 55-ші. Фабио Феллин, Леонардо Бассо және Хавьер Ромо мәреге жете алмады.

«Круг Гечо» Bilbao — Getxo. 193.3 шақырым

1. Алексей Луценко (Қазақстан, Астана) - 4:19:10

2. Тони Галлопен (Франция, Лидл-Трек) - +0:24

3. Симоне Веласко (Италия, Астана) - +0:33

20. Евгений Федоров (Қазақстан, Астана) - +8:04

55. Нұрберген Нұрлықасым (Қазақстан, Астана) - +15:42.