ЕУРО-2022: Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші кездесуде жеңілді

0
1 181

Финляндияның Янаккала қаласында футзалдан жасөспірімдер арасындағы 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі өтіп жатыр.


ЕУРО-2022: Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші кездесуде жеңілді

ERNUR.KZ. Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер арасындағы 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында екінші кездесуінде жеңіліп қалды, деп жазады Olympic.kz

Финляндияның Янаккала қаласында футзалдан жасөспірімдер арасындағы 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі өтіп жатыр.

Семен Палагутин жаттықтыратын Қазақстан жасөпірімдер құрамасы төртінші топтың екінші ойынында Финляндиямен кездесті. Ойынды өте қарқынды бастаған алаң иелері алғашқы таймда алты гол соқты. Үзілістен соң біздің құрамадан Лев Ким көзге түсті. Алайда, ойынның аяқталуына Финляндия құрамасының ойыншысы Ааро Пааппанен кездесуге нүкте қойды - 7:1.

Екінші ойын қатарынан жеңіліс тапқан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды.

Қазақстан құрамасы келесі ойынды 18 наурыз күні Босния және Герцеговина құрамасымен өткізеді.