Әлем чемпионы Жанқош Тұраровтың келесі қарсыласы белгілі

0
835

Қазіргі таңда IBO ұйымының чемпионы болып келетін Тұраров келесі айқасын 10 желтоқсан Алматыда өткізеді.


Әлем чемпионы Жанқош Тұраровтың келесі қарсыласы белгілі

ERNUR.KZ. Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың (27-0, 20 KO) келесі қарсыласы белгілі болды, деп жазады vesti.kz.

Қазіргі таңда IBO ұйымының чемпионы болып келетін Тұраров келесі айқасын 10 желтоқсан Алматыда өткізеді.

Жанқоштың қарсыласы 38 жастағы жапониялық Акихира Кондо (37-11-2, 21 KO). Бұл жекпе-жекте Тұраровтың чемпиондық белбеуінен бөлек WBA Gold титулы сарапқа салынады.