Әлемнің ең қымбат футболшысы ауыр жарақат алды

0
1 061

Ойынның 26 минутында "Сент-Этьен" командасының капитаны ойын ережесін бұзды.


Әлемнің ең қымбат футболшысы ауыр жарақат алды

ERNUR.KZ. 2019-2020 жылғы маусымдағы Франция кубогының финалында ПСЖ мен "Сент-Этьен" командалары арасындағы кездесуде Франция құрамасы мен әлемнің ең қымбат футболшысы Килиан Мбаппе ауыр жарақат алды, деп жазады Tengrinews.kz.

Ойынның 26 минутында "Сент-Этьен" командасының капитаны Лоик Перрин Мбаппеге қарсы ойын ережесін бұзды. Сөйтіп 21 жастағы Килиан ауыр жарақат алды. Ал Перрин болса алаңнан қуылды. Мбаппе кездесуді ары қарай жалғастыра алмай, алаңнан кетті.



Айта кетейік, бұл кездесуде "Пари Сен-Жермен" командасы 1:0 есебімен жеңіске жетіп, 13 рет Франция кубогын төбелеріне көтерді. Кездесудегі жалғыз голды 14 минутта Неймар соқты.

Мбаппенің жарақаты клуб басшыларының мазасын кетірді. Себебі, ПСЖ тамыздың басында Чемпиондар лигасында "Аталанта" командасымен кездесуі керек.

Франция құрамасының намысын қорғайтын шабуылшы әлемнің ең қымбат футболшысы. KPMG Football Benchmark мәліметі бойынша, оның трансферлік құны 225 миллион еуро екен.