Аллисон «Реалға» өтуі мүмкін

0
1 037

Еуропа чемпиондар лигасын қатарынан 3 рет жеңіп алған Мадридтің «Реал» клубы бразилиялық қақпашыны құрамына қосып алуы мүмкін


Аллисон «Реалға» өтуі мүмкін

ERNUR.KZ Еуропа чемпиондар лигасын қатарынан 3 рет жеңіп алған Мадридтің «Реал» клубы бразилиялық қақпашыны құрамына қосып алуы мүмкін деп хабарлайды MARCA басылымы.

Римнің «Рома» клубы қақпашысы үшін 70 миллион еуро сұраған болатын. 25 жастағы Аллисонға «Реал» 50 миллион еуро төлеуге дайын екенін білдірген. Испаниялық басылымның мәліметі бойынша, қазіргі уақытта қос команда қақпашының трансфері барысында келіссөздер жүргізуде. Бразилиялық қақпашы жаңа маусымды Испания Ла лигасында бастай ма, әлде жоқ па деген сауалға Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатынан соң жауап алатын боламыз.