"Алтын допқа" үміткерлер рейтінгінде Месси бірден он саты құлдилады

0
845

ПСЖ шабуылшысының позициясы бір апта ішінде 10-нан бірден жиырмаға түсіп қалған.


ERNUR.KZ. Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси Goal.com нұсқасы бойынша "Алтын допқа" үміткерлер ондығынан шығып қалды, деп жазады vesti.kz.

ПСЖ шабуылшысының позициясы бір апта ішінде 10-нан бірден жиырмаға түсіп қалған. Бұл париждіктердің Чемпиондар лигасында "Реал Мадридтен" ұтылуына байланысты.

Ал "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду екі орынға көтерілді және қазір аралық рейтингте 16-орында.

Алғашқы ондыққа кіргендер:
1. Роберт Левандовски - "Бавария".
2. Карим Бензема - "Реал Мадрид".
3. Мохамед Салах - "Ливерпуль".
4. Килиан Мбаппе - ПСЖ.
5. Лука Модрич - "Реал Мадрид".
6. Садио Мане - "Ливерпуль".
7. Бернард Силва - "Манчестер Сити".
8. Винисиус Джуниор - "Реал Мадрид".
9. Душан Влахович - "Ювентус".
10. Рияд Марез - "Манчестер Сити".