Ануар Сариев Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

0
532

Бұл Қазақстан қоржынындағы екінші жүлде.


Ануар Сариев Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық парадзюдошы Ануар Сариев Қазақстан қоржынына Токиодағы Паралимпиада ойындарының екінші жүлдесін салды, деп жазады olympic.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәржесінде белдескен ол финалда әзірбайжандық Вугар Ширинлиге есе жіберді. Екеуара белдесу өте тартысты өтіп, вазари ұпайларын еншіледі. Негізі уақыт аяқталуға 40 секунд қалғанда әзірбайжандық балуан әдіс жасап, екінші вазари ұпайын еншіледі.

Нәтижесінде, парадзюдошы Ануар Сариев Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.