Аңыз футболшы Беккенбауэр өмірден озды

0
766

Экс-футболшының денсаулығы былтырғы жазда нашарлаған.


Аңыз футболшы Беккенбауэр өмірден озды

ERNUR.KZ. Аты аңызға айналған неміс футболшысы, 1974 жылғы әлем чемпионы Франц Беккенбауэр 78 жасында қайтыс болды. Қаралы хабарды белгілі спорт журналисі және репортер Фабрицио Романо естіртті, деп жазады vesti.kz.

Экс-футболшының денсаулығы былтырғы жазда нашарлаған. Беккенбауэр 7 қаңтарда, жексенбіде қайтыс болды.

"Франц Беккенбауэр кеше, жексенбіде жақындарының қасында, ұйықтап жатқанда тып-тыныш қана өмірден өткенін қайғыра хабарлаймыз", - деп хабарлады футболшының отбасы.

Беккенбауэр Әлем чемпионатымен қоса, Еуро-1972 жеңімпазы атанды. Ол мюнхендік "Бавария" сапында жүргенде төрт рет Германия чемпионатын жеңіп алды және үш рет Еуропа кубогында (қазіргі Чемпиондар лигасы) жеңіске жетті.

Беккенбаэур футбол тарихындағы ең үздік қорғаушылардың бірі болып есептеледі. Ол екі рет – 1974 және 1976 жылдары "Алтын допты" жеңіп алған осы позициядағы жалғыз ойыншы.

Еске салайық, бұған дейін аңызға айналған футболшы және Бразилия құрамасының бас бапкері болған Марио Загалло 93 жасында өмірден озғанын жазған едік.