Аргентина 2026 жылғы ӘЧ-ге іріктеуде алғаш рет ұтылып қалды

0
705

Аргентиналықтардың көшбасшысы Лионель Месси бұл матчте толық уақыт ойнады.


Аргентина 2026 жылғы ӘЧ-ге іріктеуде алғаш рет ұтылып қалды

ERNUR.KZ. Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында оңтүстікамерикалық аймақта алғаш рет ұтылды, деп жазады vesti.kz.

Былтыр әлем чемпионы атағын жеңіп алған аргентиналықтар өз алаңында Уругваймен ойнайды. Аалң қонақтары 41-минутта Рональд Араухоның күшімен есеп ашты, ал 87-минутта Дарвин Нуньес есепке нүкте қойды. Осылайша, Аргентина 0:2 есебімен ұтылып қалды.

Айта кетейік, аргентиналықтардың көшбасшысы Лионель Месси бұл матчте толық уақыт ойнады.

Бес тур қорытындысы бойынша 12 ұпай жинаған Аргентина КОНМЕНБОЛ аумағында әлі де бірінші. Ал он балл жинаған Уругвай екенші орында.