«Астана» ФК сегіз ойыншысы пневмония және коронавирусқа шалдықты

0
644

Астана-Арена» стадионын жаңарту жұмыстарына тартылған жауапты қызметкерлер де індетпен ауырып жатыр.


«Астана» ФК сегіз ойыншысы пневмония және коронавирусқа шалдықты

ERNUR.KZ. «Астана» футбол клубының 8 ойыншысы пневмония және коронавирусқа шалдықты. Бұл туралы елорда командасының бас бапкері Михал Билек мәлімдеді, деп жазады 24.kz .

Осы жағдайдан кейін «Астананың» ел чемпионатына қатысу мүмкіндігі белгісіз. Себебі негізгі құраммен бірге жастар командасы да бірге жаттығып жүр. Олардың да вирус жұқтыруы мүмкін. Футбол емес, адамдардың денсаулығы маңызды дейді чех маманы.

Қазір «Астана-Арена» стадионын жаңарту жұмыстарына тартылған жауапты қызметкерлер де індетпен ауырып жатыр. Сондықтан команданың өз алаңына оралатын уақыты белгісіз.

Михал Билек, «Астана» футбол клубының бас бапкері: - "8 футболшы пневмония және коронавируспен ауырып жатыр. Барлығы негізгі құрам ойыншылары. Егер індет одан әрі тарайтын болса, басқа футболшылар да жұқтырып алуы мүмкін. Бірақ дәл қазір футбол емес, адамдардың денсаулығы бәрінен маңызды деп ойлаймын. Лига өкілдерін жақсы түсінемін. Олар маусымды биыл аяқтағылары келеді. Алайда жасыл алаңға шыққаннан кейін қарсылас клуб ойыншыларына вирусты жұқтыру қаупі жоғары болып тұр. «Астана» басшылығы чемпионатты жалғастырмау туралы менің пікірімді қолдап отыр".