Астанада жеңіл атлетикадан турнир өтіп жатыр

0
674

World Indoor Tour Gold – 2016 жылдан бастап жыл сайын әлемдегі ең үздік спортшылар қатысатын турнир.


Астанада жеңіл атлетикадан турнир өтіп жатыр

ERNUR.KZ. Астанада World Athletics Indoor Tour Gold 2024 аясында жеңіл атлетикадан Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық турнирі өтіп жатыр. Турнирге 45 елден 136 спортшы қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Спортшыларға елордадағы Қазақстан жанкүйерлер одағы қолдау білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы елорданың спорт белсенділері Қазақстан жанкүйерлер одағын құрған.

Бүгін жеңіл атлетикадан турнир барысында Қазақстан жанкүйерлер одағының мүшесі Сағадат Темкенов өзге де белсенділермен бірлесіп, спортшыларға қолдау білдірді. Командада спортшылар, еріктілер, елорданың белсенді тұрғындары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.

«Астанада халықаралық деңгейдегі көптеген спорт жарыстары өтеді. Біз спорт іс-шараларындағы жанкүйер қауымның тәртібін, мәдениетін қолдаймыз. Сол сияқты спорттың барлық түрінен біріккіміз келеді. Биыл жанкүйерлер кодексі қабылданады, онда стадиондардағы тәртіптің негізгі нормалары мен этикасы жазылады. Спорт іс-шаралары өтетін орындар жұртшылық үшін қауіпсіз болуы тиіс», – деді Қазақстан жанкүйерлер одағының мүшесі Сағадат Темкенов.

World Indoor Tour Gold – 2016 жылдан бастап жыл сайын әлемдегі ең үздік спортшылар қатысатын турнир.