Аты аңызға айналған Тайсон мен Холифилд жекпе-жекке дайындалып жатыр

0
1 624

1997 жылы маусымда өткен реванш жекпе-жекте Тайсон Холифилдің құлағын тістеп алған еді.


Аты аңызға айналған Тайсон мен Холифилд жекпе-жекке дайындалып жатыр

ERNUR.KZ. Ауыр салмақтағы аты аңызға айналған америкалықтар Эвандер Холифилд пен Майк Тайсон үшінші рет рингте кездеседі. vRINGe.com жекпе-жек 29 мамырда Майамидегі (АҚШ) Hard Rock Stadium-да өтетінін жазды, деп жазады Tengrinews.kz.

Холифилд қауесеттерге жауап берді.

"Бәрі күшінде! Мен дайынмын! Тек осы жолы тістемей айқасуды сұраймын!", - деді ол.

Холифилд 1997 жылы маусымда өткен реванш жекпе-жек туралы айтып отыр. Ол кезде Тайсон Холифилд сүзгілене берген соң, құлағын тістеп алған.

Осыдан кейін рефери жекпе-жекті жалғастырмақ болған, бірақ көп ұзамай жағдайды көріп Тайсонды дисквалификациялайды.

Бірінші жекпе-жекте де (1996 жылы қараша) Холифилд жеңген, ол кезде қарсыласын шаршатып, соңғы раундтарда нокаутқа түсірді.

Тайсон үшінші жекпе-жек туралы өткен аптада бірінші болып жариялады.

"Бәрі білгенін қалаймын. Холифилдпен жекпе-жек 29 мамырда өтеді. Бұл жолы мен жеңемін", - деді ол.