Азия чемпионатында грек-рим күресінен қазақстандық балуандар 8 медаль алды

0
1 426

12 шілдеде күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты жалауын көтерді.


Азия чемпионатында грек-рим күресінен қазақстандық балуандар 8 медаль алды

ERNUR.KZ. Иордания астанасы - Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен еліміздің 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 8 медаль алды, деп жазады ҚазАқпарат.

12 шілдеде күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты жалауын көтерді.

ҚР Күрес федерациясы баспаөз қызметінің жетекшісі Аспандияр Есенжоловтың айтуынша, жарыстың алғашқы күнінде боз кілемге грек-рим күресінен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер шықты. Олардың арасынан қазақстандық балуандар 3 алтын, 2 күміс және 3 қола алды.

Ел құрамасынан Диас Маратов (48 келі), Досбол Шәміл (57 келі) және Әбілмансұр Ахалбек (68 келі) жеңімпаз тұғырына көтерілді. Ал Мәрлен Мейірбекұлы (62 келі) мен Аянбек Ибраев (85 келі) күміс алса, Сұлтан Мәулітханов (38 келі), Сұңқар Зарап (44 келі) және Дамир Ақан (52 келі) үздк үштікті түйіндеді.

Енді бүгін қыздар сайысқа түссе, ертең еркін күрес шеберлері жүлделерді сарапқа салады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Күрес түрлерінен рейтингілік турнирге кімдер баратыны белгілі болды.