Азия чемпионы тағы бір жарыста топ жарды

0
1 144

Бұдан бөлек Astana Qazaqstan Team командасының тағы бір өкілі Харольд Техада үшінші орынға ие болды.


Азия чемпионы тағы бір жарыста топ жарды

ERNUR.KZ. Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко "Түркия турында" жеңіске жетті, деп жазады sputnik.kz.

Бірнеше жыл бұрын Луценко осы жарысқа қатысып, екінші орынға ие болған. Ал осы жолы барлық қарсыласынан басым түсті.
Бас кезінде қазақстандық велошабандоз қалып келе жатқан. Бірақ Бабадаг тауында алға шығып, бес күн бойы көшбасшылықты ешкімге берген жоқ.
"Иә, бір апта бойы көшбасшылықты ұстап тұру оңайға соқпады. Менің жанымда керемет команда болды. Биылы маусымды дәл осындай жеңіспен аяқтағаныма қуаныштымын. Бірнеше жыл бұрын Түркияда екінші орынға ие болдым. Ал осы жолы барын салып, бірінші орынды алуға тырыстық. Көздеген мақсатымызға жеттік", - дейді Луценко.
Бұдан бөлек Astana Qazaqstan Team командасының тағы бір өкілі Харольд Техада үшінші орынға ие болды. Ал спринтер Кейс Бол жаппай спринтте екінші орынды иеленді.

Айта кетері, жақында Қытайда өткен Азия чемпионатында Алексей Луценко алтыннан алқа тағып, үш дүркін Азия чемпионы атанған болатын.