Азия ойындарына баратын еліміздің дзюдо құрамасы іріктелді

0
1 122

Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.


Азия ойындарына баратын еліміздің дзюдо құрамасы іріктелді

ERNUR.KZ. Дзюдодан Ханчжоудағы (Қытай) Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды. Олар сары құрлықтың басты додасында бақ сынап, жүлделі орын үшін барын салатын болады, деп жазады vesti.kz.

Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Қазақстаннан 33 спорт түрінен 525 спортшы бақ сынайды.

"Бүгінде ұлттық құрама Алматы облысындағы Олимпиадаға даярлау орталығында Азия ойындарына тыңғылықты дайындалып жатыр. Әрине, жылдың басты додасы саналатын жарысқа құраманы жасақтау бізге оңайға соққан жоқ. Себебі қазіргі таңда құрамада барлық салмақ бойынша бәсеке өте жоғары. Соған қарамастан біз спортшылар 2023 жылдың басынан бері қатысқан Гран-при, Grand Slam сынды ірі әлемдік жарыстардағы нәтижесіне қарай іріктеп алынды. Азия ойындарында ел намысын абыроймен қорғап, жанкүйерлерді қуанту үшін бар күшімізді саламыз", - дейді дзюдодан Қазақстан ерлер құрама командасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов.

Ерлер құрамасы:

Мағжан Шамшадин (60 келі),

Гұсман Қырғызбаев (66 келі),
Данияр Шамшаев (73 келі),
Абылайхан Жұбаназар (81 келі),
Дидар Хамза (90 келі),
Нұрлыхан Шархан (100 келі),
Ғалымжан Қырықбай (+100 келі).

Әйелдер құрамы:

Әбиба Абужакынова (48 келі),
Ғалия Тынбаева (52 келі),
Севара Нышанбаева (57 келі),
Эсмигул Куюлова (63 келі),
Анастасия Маякова (70 кило),
Аруна Жангельдина (78 келі),
Камила Берліқаш (+78 келі).

Азия ойындарына дейін қазақ дзюдошылары 22-24 қыркүйек аралығында Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін "Үлкен дулыға" турниріне қатысады.