Баландин АҚШ-тағы халықаралық турнирде екінші жүлдесін жеңіп алды

0
892

Баландин брасс әдісімен 50 метрге жүзуде 27.55 уақыт көрсеткішімен күміс жүлдегер атанды.


Баландин АҚШ-тағы халықаралық турнирде екінші жүлдесін жеңіп алды

ERNUR.KZ. Дмитрий Баландин АҚШ-тағы CA Dolfin Fran Crippen SMOC халықаралық турнирінде тағы да бір медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.

Баландин брасс әдісімен 50 метрге жүзуде 27.55 уақыт көрсеткішімен күміс жүлдегер атанды. Бірінші орынды қытайлық Ян Зибей иеленген. Кеше 200 метрге брасс әдісімен жарысуда Баландин тап осы спортшыға есе жіберген болатын. Үшінші орынға тағы бір қытайлық спортшы орналасты.

Әділ Қасқабай 50 метрге еркін әдіспен жүзуден финалдық сынға өте алған жоқ.

Ал тағы бір қазақстандық спортшы Әділбек Мусин ертең 50 және 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден жарыс жолына шығады.

Еске сала кетейік, жүзуден Қазақстан командасының мүшелері Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин және Әділ Қасқабай әйгілі америкалық маман Дэйв Салоның жетекшілігімен АҚШ-та жаттығуда.