"Барселона" Шымкентте сəтсіздікке ұшырады

0
1 723

Осылайша тартысты өткен матч шымкенттіктердің 3:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Қарымта матчы 26 қыркүйек күні өтеді.


Футболдан əйелдер арасында Еуропа чемпиондар лигасының плей - офф бəсекелері басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ел чемпионы Шымкенттің "Биік Қазығұрт" командасы аты аңызға айналған Испанияның "Барселона" ұжымын "Намыс" стадионында қабылдады. Матчта каталониялықтар фаворит болғаны үшін, Калоян Петков шəкірттеріне қарымта шабуыл көмегімен гол соғу тактикасын түсінтіргені белгілі болды. "Барса" футболшылары бірінші таймда екі рет 100 пайыз гол соғу мүмкіндігіне ие болды. Бірақ, қақпашы Оксана Железняк испаниялықтардық соққысын қайтарды. Бірінші таймда Юлия Мясникова қарсыласымен соқтығысып, басынан жарақат алды. Ол ойынды жалғастырған болса да, үзіліс алдында өзін алмастыруды сұрады. Бапкерлер оны алаңнан жылдам шығаруға асықпады. Нəтижесінде Юлия өзін жайсыз сезініп, алаңда құлады. Көмекке жедел жəрдем көлігі келуге мəжбүр болды.Ойынның 5 минут тоқтап қалғаны үшін франциялық төреші уақыт қосып берді. 45+6 - минутта бірінші таймдағы соңғы бұрыштама добы голмен аяқталды. Гульнара Габелияның бұрыштан бағыттаған добы қақпадан орын алды. Осылайша, өте маңызды гол "Барселона" қақпасынан орын алды.
Екінші тайм "Биік Қазығұрт" командасы үшін сəтті келді. 49 - минутта Фазида Иквапут тамаша гол соқты. Негізінде угандалық футболшы допты əріптестеріне ұзатқан болатын. Бірақ, доп қонақтар қақпасынан орын алды. Бұл гол маған 1994 жылы АҚШта өткен Əлем чемпионатында Испанияның Германия құрама командасының қақпасына соққан голды еске салды - 2:0.
60 - минутқа келіп, шымкенттіктер баршаны таң қалдырып, үшінші голды да соқты. Габелия қарымта шабуылды нəтижелі аяқтап таблодағы есепті 3:0ге жеткізді. Міне Еуропадағы сенсацияның бірі.
Бірақ, "Барса" бəрібір өз сөзін айтты. Қорғаушылардың қатесінен соң англиялық Тони Дагган бір голдың қарымтасын қайтарды. Қалғаг минуттарда каталониялықтар басымдылық танытса да оларға басқа гол соғу бақыты бұйырмады. Осылайша тартысты өткен матч шымкенттіктердің 3:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Қарымта матчы 26 қыркүйек күні өтеді. Калоня Петковтың шəкірттері адаптацияға көңіл бөліп, бір жеті Литвада дайындықтарын пысықтайды. Болгариялық маман Петков "Барсаның" гол соғуына өзінің кінəсі екенін білдірді. Ол дер кезінде футболшыны ауыстырмағанын үшін шаршаған шəкірттері шабуылға тойтарыс бере алмаған. Осылайша Шымкентте сенсация орын алды. Каталонияда қандай нəтиже тіркелсе де, "Биік Қазығұрт" өз алаңында кімсің "Барселонаны" жеңді деген ат қалады.