"Барселонаның" ЧЛ-дегі матчі сенсациямен бітті

0
354

Бұл "Барселона" үшін топтық кезеңдегі үші жеңістен кейінгі алғашқы ұтылыс болды.


ERNUR.KZ. Каталондық "Барселона" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің төртінші турында күтпеген жерден донецкілік "Шахтерден" ұтылып қалды, деп жазады Vesti.kz.

Н тобындағы кездесу Германияның Гамбург қаласында өтіп, 1:0 есебімен "Шахтердің" пайдасына аяқталды. Матчтегі жалғыз голды 40-минутта Данила Сикан салды.

Бұл "Барселона" үшін топтық кезеңдегі үші жеңістен кейінгі алғашқы ұтылыс болды. Осылайша, каталондықтар плей-офф кезеңге мерзімінен бұрын шығу мүмкіндігін уысынан шығарып алды, дегенмен турнирлік кестеде бірінші орынды сақтап қалды. Алты ұпай жинаған "Шахтер" де өзгермей үшінші орныда қалды.

F тобында дортмундтық "Боруссия" өз алаңында англиялық "Ньюкасллды" 2:0 есебімен ұтты. Гол салғандар Никлас Фюллькруг (26-минут) және Юлиан Брандт (79) болды.

Енді жеті балл жинаған "Боруссия" топта бірінші орынға шықты, ал "Ньюкасл" төрт ұпаймен үшінші келеді.