"Барыс" Қазанда "Ақ Барыстан" ұтылды

0
504

Ойында мұз айдын иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.


ERNUR.KZ. Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті ойынында "Барыс" Қазанда "Ақ Барысқа" есе жіберді, деп жазады vesti.kz.

Ойында мұз айдын иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бірінші кезеңде Дмитрий Воронков "Ақ Барысты" алға шығарды, 19-минутта Антон Сагадеев есепті теңестірді.

"Ақ Барысқа" жеңіс сыйлаған шайбаны үшінші кезеңде Михаил Глухов соқты.

"Барыс" сырт алаңда тағы екі ойын өткізеді. 3 ақпан күні Мәскеуде "Динамоға" қарсы және 5 ақпанда ЦСКА-мен ойнайды.