"Барыс" ҚХЛ матчі алдында бір ойыншыдан айрылды

0
496

Бүгін "Барыс" Екатеренбургте "Автомобилистпен" кездеседі.


ERNUR.KZ. "Барыс" шабуылшысы Майкл Шапю құрлықтық хоккей лигасы аясында "Автомобилист" командасына қарсы матчта мұз айдынына шықпауы мүмкін. Клуб жарақат алған ойыншылар тізімін жариялады, деп жазады vesti.kz.

"Жарақат алған хоккейшілер арасында Никита Михайлис бар. Сонымен қатар, Уфадағы матчта жарақат алған Майкл Шапю ойнамауы мүмкін", - делінген клубтың ресми сайтында.

Еске салайық, бүгін "Барыс" Екатеренбургте "Автомобилистпен" кездеседі. Шапю бір айдың ішінде осымен үшінші рет жарақат алып отыр.