​Баскетболшылар мінген автобус аударылып 9 адам көз жұмды

0
1 011

Қазіргі кезде полиция қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтауда.


​Баскетболшылар мінген автобус аударылып 9 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Колумбияның Валье-дель-Каука департаментінде баскетбол командасын алып бара жатқан автобус жол апатына түсті. Алдын ала таратқан мәлімет бойынша кемінде 9 адам мерт болып, тағы 23 жолаушы жарақат алған, деп жазады Baq.kz.

El Nacional басылымының мәліметінше, көлік құралы Йотоко тас жолы бойында аударылып қалған. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар ішінде жергілікті балалар баскетбол командасының мүшелері бар.

Колумбияның вице-президенті Марта Люсия Рамирес жол апатынан мерт болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

«Жас баскетбол командасына көңіл айтып, тілектестігімді білдіремін», - деп жазды ол "Твиттерде".

Қазіргі кезде полиция қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтауда. Сондай-ақ апат тежегіштің істен шығуынан болуы мүмкін деген нұсқалар айтылуда.