Беларуське қарсы кездесуде Қазақстан құрамасының капитаны кім болатыны айтылды

0
445

Ойын 10 маусымнан 11 маусымға қараған түні Сербияның Нови-Сад қаласында болады.


Беларуське қарсы кездесуде Қазақстан құрамасының капитаны кім болатыны айтылды

ERNUR.KZ. Ұлттар лигасының үшінші тур аясында Беларусь құрамасына қарсы кездесуде Қазақстанның капитаны кім болатыны айтылды, деп жазады Vesti.kz.

Ойын 10 маусымнан 11 маусымға қараған түні Сербияның Нови-Сад қаласында болады. Кездесуді QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ал аталған кездесуде Қазақстан құрамасын капитан ретінде Исламбек Қуат бастап шығады.

Айта кетейік, Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы осыған дейін екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетіп, С тобындағы 3 себетте жеке дара көш бастап тұр. Ал Беларусь құрамасы бір ойында жеңіліп, бір ойында тең түсті. Бұл құрама үшінші сатыға жайғасқан.