"Бельгия-2019 турына" "Астана" велокомандасынан кімдер қатысады?

0
1 003

Әлемдік жарысқа алты велошабандоз қатысады.


ERNUR.KZ. "Астана" Әлемдік турдың командасы 12-16 маусым аралығында өтетін "Бельгия туры" жоғары санаттағы көпкүндік жарысында өнер көрсетеді, - деп жазады Тengrinews.kz.

Команда құрамы: Жандос Бижігітов, Лауренс Де Вриз, Даниил Фоминых, Евгений Гидич, Дмитрий Груздев және Артем Захаров.

Жарыстың спорт директорлары: Александр Шефер және Сергей Яковлев.

Бельгия туры - жыл сайын Бельгияда 1908 жылдан бері өткізіліп келе жатқан көпкүндік веложарыс. Жарыс бес кезеңнен тұрады, оның бірі - жекелей сын.