Биатлоннан Еуропа чемпионаты: Қазақстан эстафетада 11-ші орын алды

0
420

Бір адамдық аралас эстафетада Қазақстан 11-ші орыннан көрінді.


Биатлоннан Еуропа чемпионаты: Қазақстан эстафетада 11-ші орын алды

ERNUR.KZ. Германияның Арбер қаласында өтіп жатқан биатлоннан Еуропа чемпионаты аясында екі эстафеталық жарыс аяқталды, деп жазады Olympic.kz.

Бір адамдық аралас эстафетада Қазақстан 11-ші орыннан көрінді. Бұл сында Ресей, Франция және Германия өзара жүлде бөлісті.

Ал аралас командалық эстафетада Норвегия топ жарды. Германия екінші, Швейцария үшінші сатыда.

Қазақстандық биатлоншылар бұл жарысты 15-ші орынмен тәмамдады.