Бокстан әлем чемпионаты: Санжар Тәшкенбай финалға шықты

0
616

48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Санжар ресейлік Эдмонд Худоянды жеңді.


Бокстан әлем чемпионаты: Санжар Тәшкенбай финалға шықты

ERNUR.KZ. Жастар арасында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай бокстан Ташкенттегі әлем чемпионатының финалына шықты, деп жазады BAQ.KZ.

48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Санжар ресейлік Эдмонд Худоянды жеңді. Жекпе-жек үш раундқа созылып, отандасымыз төрешілер шешімімен басым түсті (5:0).

Еске сала кетсек, бүгін тағы төрт қазақстандық (Махмуд Сабырхан, Дулат Бекбаубов, Асланбек Шымбергенов мен Нұрбек Оралбай) жартылай финал аясында рингке шығады.