Бокстан Азия чемпионаты: Жасөспірімдер құрлық додасынан алты алтын алды

0
752

​​Иорданияның Амман қаласында бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі аяқталуға жақын.


Бокстан Азия чемпионаты: Жасөспірімдер құрлық додасынан алты алтын алды

ERNUR.KZ. Жасөспірімдер арасындағы бәсекеде төрт спортшымыз, қыздар арасындағы сында екі спортшымыз чемпион атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасындағы финалдық кезең нәтижелері:

Айдар Қадырхан (52 келі) - Суннатилла Өктамәлиев (Өзбекстан) - 5:0.

Төрехан Сабырхан (57 келі) - Фаррух Тулағанов (Өзбекстан) – екінші раундта техникалық жеңіс

Ахмет Үсен (63 келі) - Қожаакбар Кудратов (Өзбекстан) - 5:0.

Санжар-Әли Бегалиев (66 келі) - Алиреза Моусави (Иран) – үшінші раундта техникалық жеңіс

Мұхаммед-Әли Жанболат (75 келі) - Темурбек Абдувахобов (Өзбекстан) - 0:5.

Аслан Елдібайұлы (+80 келі) - Озод Бекалиев (Өзбекстан) - 0:5.

Қыздар арасындағы финалдық жекпе-жек нәтижелері:

Карина Тоқыбай (50 келі) - Вини (Үндістан) - 0:5.

Ұлдана Таубай (60 келі) - Никита Чанд (Үндістан) – үшінші раундта техникалық жеңіліс

Нұрсұлу Сүйенәлі (63 кеі) - Шрушти Сачин Сате (Үндістан) – екінші раундта техникалық жеңіліс

Аружан Жанғабаева (66 келі) - Нуха Ал-Зоуби (Иордания) – бірінші раундта техникалық жеңіс

Роксолана Валиева (70 келі) - Ойша Тоирова (Өзбекстан) – екінші раундта техникалық жеңіліс

Шұғыла Нәлібай (75 келі) - Рудрика (Үндістан) - 0:5.

Құралай Егінбайқызы (80 келі) - Хуши Пуния (Үндістан) - 4:1.

Айта кетелік, бұдан бөлек Қазақстан командасының еншісінде ерлерден 5 қола, қыздардан 5 қола жүлде бар.