Бокстан тағы бір қазақстандық бапкер қайтыс болды

0
901

Бапкердің неден қайтыс болғаны айтылмаған.


Бокстан тағы бір қазақстандық бапкер қайтыс болды

ERNUR.KZ. КСРО спорт шебері және танымал бапкері Аманбек Досмаилов қайтыс болды, - деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының ресми сайты.

Досмаилов қызылордалық бокстың ақсақалы саналатын. Бұл өңірдегі еңбек сіңірген бапкердің бәрі Досмаиловтың шәкірті болған. Бапкердің неден қайтыс болғаны айтылмаған.

"ҚБФ мен Қызылорда облысының бокс федерациясы Аманбек Досмаиловтың жақындары мен туыстарына көңіл айтады. Спорттағы маңызды тұлғаны жоғалттық", - делінген хабарламада

Бұған дейін еңбек сіңірген бокс бапкерлері Берік Ермағанбетов, Жеңіс Жарылғапов және Ақылбек Теміров Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясынан қайтыс болғаны хабарланған еді. Бокс федерациясы спортшылардың туыстарына, достары мен шәкірттеріне қайғырып көңіл айтты.