Чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекте қазақстандық спортшы нокаутқа түсті (видео)

0
527

​Төреші үшінші раундта жекпе-жекті бөлуге мәжбүр болды. Ресейлік техникалық нокаутпен жеңіске жетті.


Чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекте қазақстандық спортшы нокаутқа түсті (видео)

ERNUR.KZ. Қазақстандық файтер Дәурен Ермеков (14-4) ресейлік Владимир Минеевпен (13-1-1) кездесу өткізді. Жекпе-жек Абдулманап Нурмагомедовты еске алу турнирі аясында ұйымдастырылды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Спортшылар орта салмақтағы Fight Nights Global чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізген болатын. Минеев үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Ол Fight Nights Global-дың жаңа чемпионы атанды. Ресейлік спортшы үшін бұл кәсіби карьерасындағы он төртінші жеңіс. Ал Дәурен Ермеков ММА-де бесінші рет жеңіліп отыр.