Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев жаңа салмаққа ауысады

0
1 229

​Елдос Сметов те 66 келі салмаққа өтеді.


Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев жаңа салмаққа ауысады

ERNUR.KZ. Дзюдодан Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев еліміздегі танымал дзюдошылардың жаңа салмақ дәрежесіне ауысқанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Ғұсман Қырғызбаев 66 келі салмаққа ауысады. Бұл салмаққа Елдос Сметовтің де өтетінін айттым. Бұл жігіттердің ең басты бәсекелестері – шетелдік дзюдошылар. Ал өзара бауыр болып кеткен. Бұған дейін 66 келіде белдескен Ерлан Серікжанов 73 келіге ауысты. Бұл салмақта Жансай Смағұлов барын білесіздер. Ал 90 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ислам Бозбаев 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайды", – деді бапкер.