Елена Рыбакина әлемдік рейтингте төмендеді

0
454

Бельгиялық Элиза Мертенс жұптық сында жаңа көшбасшы атанды.


Елена Рыбакина әлемдік рейтингте төмендеді

ERNUR.KZ. Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық жарыстардың рейтингін жаңартты, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина үшінші орыннан бесінші орынға төмендеді. Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева алты позицияға төмендеп, қазір 70-орында.

Алғашқы екі орынды польшалық Ига Швентек пен беларусияолық Арина Соболенко иеленді, ал бұрын бір саты төмен болған америкалық Кори Гауф үшінші орынға көтерілді.

Қазақстандық жұптық жарыстардың үздік ойыншысы Анна Данилина 44-орнын сақтап қалды.

Бельгиялық Элиза Мертенс жұптық сында жаңа көшбасшы атанды.