Елордада өткен марафонға әлемнің 11 елінен екі мыңға жуық желаяқ қатысты

0
1 171

Қатысушылардың жасы 16 және 76 жас аралығында.


Елордада өткен марафонға әлемнің 11 елінен екі мыңға жуық желаяқ қатысты

ERNUR.KZ. 3 қыркүйекте Астана қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын Astana Marathon 2023 аяқталды. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен және Австралия, Ұлыбритания, Германия, Польша, Португалия, Ресей, Испания, АҚШ, Нидерланд, Өзбекстан және Оңтүстік Корея елдерінен екі мыңға жуық қатысушы келді, деп жазады ҚазАқпарат.

42.2 шақырымында ер адамдар үлесі - 90,91% және әйелдер — 9,01%, және 10 км ерлер мен әйелдер қатынасы 69% және тиісінше 32% құрады.

Қатысушылардың жасы 16 және 76 жас аралығында.

Жарысқа елімізге танымал әртістер, мемлекеттік органдардың басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері, спортшылар мен жүгіру клубтарының мүшелері қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша маршруттың өзгеруіне байланысты қиындықтарға қарамастан команда барлығын жоғары деңгейде ұйымдастырды.

photo

«Біздің жігіттер қысқа уақытта балама бағыттарды таба алды. Осы орайда, еріктілерге де алғысымды білдіргім келеді. Жастығына қарамастан, бәрі тәжірибелі болып шықты. Қатысушылардың жағдайын жасап, барлығын жедел түрде ұйымдастырды», -деді Astana Marathon жетекшісі Гаухар Брамлей-Фентон.

Марафонның 18 жастан асқан қатысушыларына 42,2 шақырым, 16 жастан жоғары желаяқтарға 10 шақырым ұсынылды.

Марафон қатысушылары мен қонақтары көңіл көтеретін бағдарлама мен фитнес жаттықтырушылардың ұйымдастырған дене қыздыратын жаттығуына қатысты.

Әрбір 5 шақырымда қатысушыларға су ұсынылды.