Елордалық "Астана" футбол клубы өз алаңында ұтылып қалды

0
1 275

Астаналық клуб Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты.


Елордалық

Фото: Kazfootball

ERNUR.KZ.УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп жатқан «Астана» өз алаңында Хорватияның «Динамо Загреб» командасына есе жіберді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы abctv.kz-ке сілтеме жасап.

«Астана Арена» стадионында өткен матчта хорватиялық клуб 0:2 есебімен жеңіске жетті. Қарсылас команда қос таймда бір-бір голдан соқты. Марио Будимир мен Дани Ольмо мергендік танытты. Осылайша, «Астана» футбол клубының жеңіліссіз сериясына нүкте қойылды.

Еске сала кетейік, елордалық клуб Чемпиондар лигасының өз алыңдағы матчтарында қатарынан 13 ойын бойы ұтылған жоқ. 2015 жылдың 13 шілдесінде басталған жеңіліссіз серияның «шырқын» «Динамо Загреб» бұзды.