Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогының жеңімпазы болды

0
577

Пара шаңғы мен пара биатлоннан әлем кубогының кезеңі Финляндияның Вуакатти қаласында 7-19 желтоқсан аралығында өтіп жатыр.


Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогының жеңімпазы болды

ERNUR.KZ. Финляндияда Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогының бірінші кезеңінде 10 км қашықтықты 32:37.0 уақытта бағындырып, алтын жүлдеге ие болды, деп жазады zakon.kz.

Екінші орын украиналық қарсыласы Тарас Радқа (33:41,6), үшінші орын да украиналық Александр Алексикке (33:50,7) бұйырды. Бұл - Әлем кубогының кезеңіндегі Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медаль.

Еске сала кетсек, Пара шаңғы мен пара биатлоннан әлем кубогының кезеңі Финляндияның Вуакатти қаласында 7-19 желтоқсан аралығында өтіп жатыр.

Жарыста Ербол Хамитов пара шаңғыдан 5 шақырым қашықтықта күміс жүлде, 10 шақырым қашықтықта қола жүлдені еншілесе, ал Александр Герлиц пара биатлоннан 12.5 шақырым қашықтықта қола медальға ие болған.