Эрик тен Хаг "Манчестер Юнайтед" бас бапкері атанды

0
562

Голландиялық маман жаңа командасымен 2025 жылға дейін жұмыс істейді.


Эрик тен Хаг

ERNUR.KZ. Эрик тен Хаг "Манчестер Юнайтед" бас бапкері атанды, деп жазады vesti.kz.

Голландиялық маман жаңа командасымен 2025 жылға дейін жұмыс істейді. Келісімшарт аяқталған соң екі тарап қалаған жағдайда тағы бір жылға дейін келісімін создыруы мүмкін.

Әзірге "қызыл сойқандарды" Ральф Рангник жаттықтырады. Маусым соңында Рангник "Манчестер Юнайтед" клубының жүйесінде жұмысын жалғастырады деген ақпарат бар.