ФИФА рейтингі: Қазақстан футболшылары ТОП «жүздікте»

0
756

Қазақстан ұлттық құрамасы бұған дейінгі рейтингімен салыстырғанда 4 саты жоғары көтеріліп, 100-ші орынға тұрақтады.


ФИФА рейтингі: Қазақстан футболшылары ТОП «жүздікте»

ERNUR.KZ. Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) әлемдегі ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін ұсынды, деп жазады ҚазАқпарат.

ТОП-3 өзгеріссіз қалды: Аргентина көш бастап тұрса, одан кейін Франция мен Бразилия орналасқан. Алдыңғы "ондықтағы" Португалия мен Италия құрамалары орын алмастырды.

Қазақстан ұлттық құрамасы бұған дейінгі рейтингімен салыстырғанда 4 саты жоғары көтеріліп, 100-ші орынға тұрақтады. Еске салайық, Магомед Адиев жаттықтыратын футболшыларымыз қыркүйек айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында өз алаңында екі матч өткізген еді: олар Финляндиядан жеңіліп (0:1), Солтүстік Ирландияны (1:0) ұтты.

ФИФА-ның 2023 жылғы 21 қыркүйектегі рейтингі:

1 (1). Аргентина — 1851.41

2 (2). Франция — 1840.76

3 (3). Бразилия — 1837.61

4 (4). Англия — 1794.34

5 (5). Бельгия — 1792.64

6 (6). Хорватия — 1747.83

7 (7). Нидерланд — 1743.15

8 (9). Португалия — 1728.58

9 (8). Италия — 1727.37

10 (10). Испания — 1710.72

24 (24). Украина — 1538.42

39 (38). Ресей — 1495.53

75 (74). Өзбекстан — 1328.35

79 (78). Грузия — 1299.32

91 (90). Армения — 1254.47

96 (97). Қырғызстан — 1228.60

100 (104). Қазақстан — 1206.94

105 (98). Беларусь — 1198.22

110 (110). Тәжікстан — 1183.01

115 (111). Эстония — 1172.25

121 (121). Әзербайжан — 1147.69

136 (134). Латвия — 1089.99

140 (138). Түрікменстан — 1086.12

143 (144). Литва — 1072.21

159 (164). Молдова — 1010.10