Футбол: Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерсіз қалды

0
2 622


Футбол: Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерсіз қалды

Қазақстан футбол федерациясы мен ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стойлов екі жақты келісім бойынша еңбек шартын үзді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Болгариялық маман Станимир Стойлов Қазақстан Ұлттық құрамасын 2018 жылдың наурызынан басқарып келген еді. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы үш жолдастық кездесу өткізді. Сондай ақ «Ұлттар лигасында» ойнап, өз тобында екінші орыннан көрінді.

Қазақстан футбол федерациясы Станимир Стойлов пен оның жаттықтырушылар штабына қазақстандық футболды дамытуға қосқан үлесі мен атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріп, арқасына шапан жауып шығарып салды.

Кейбір ақпарат көздері Станимир Стойлов Шымкенттік «Ордабасы» клубының бас бапкері атануы мүмкін деген ақпарат таратуда.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасына дейін Станимир Стойлов «Астана» футбол клубының бапкері болған.

дереккөз: alaman.kz