​Футбол: Лионель Мессидің коронавирус жұқтырғаны анықталды

0
653

Аталмыш клубтың ресми сайтынан мәлім болғанындай, COVID-19-ға тапсырған төрт ойыншыдан вирус анықталды.


​Футбол: Лионель Мессидің коронавирус жұқтырғаны анықталды

ERNUR.KZ. «Пари Сен-Жермен» клубының, сондай-ақ Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси коронавирус жұқтырды, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталмыш клубтың ресми сайтынан мәлім болғанындай, COVID-19-ға тапсырған төрт ойыншыдан вирус анықталды.

Л.Мессиге қоса Хуан Бернат, Серхио Рико және Натан Битюмазаладан коронавирус табылған. Олардың бәрі де оқшаулануға жіберілді.

«ПСЖ» шабуылшысы, бразилиялық Неймар өз Отанында қалпына келу үстінде. Ол үш аптадан кейін жаттығуға кіріседі делініп отыр.

«Пари Сен-Жермен» Франция чемпионатында 19 кездесуден кейін 46 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап келеді. Өткен жылы «Лилль» чемпион атанғаны белгілі. Алайда ол небәрі 28 ұпаймен сегізінші орында келеді.

Келесі турда «ПСЖ» сырт айдында 9 қаңтар күні «Лион» командасымен ойнайды