Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші лигасының 7-тур матчтары өтті

0
1 166

​Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші лигасының 7-тур матчтары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші лигасының 7-тур матчтары өтті

Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші лигасының 7-тур матчтары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкенттің "Қыран" клубы өз алаңында Қызылорданың "Байқоңыр" командасымен кездесті. Бірінші таймда алаң қожайындары қарқынды ойын көрсетті. Алайда оларға жанкүйерлерінің алдында гол соғу бұйырмады. Үзілістен соң "Қажымұқан" стадионына жиналған аз санды жанкүйерлер қатарынан 3 голды тамашалады.

Алғашқы голды "Қыран" ұжымының сұрмергені Абылайхан Махамбетов сәтті аяқтап есепті ашты. 80 - минутта қонақтар футболшысы Ерболат Рүстемов күтпеген жерден қақпасына гол соғып алды.

Матч соңында "Байқоңыр" қорғаушысы Темірлан Амировта әріптесінен қалыспай автогол иесіне айналды. Осылайша ойын "Қыран" командасының 3:0 есебіндегі жеңіспен аяқталды.

Шымкент ұжымы турнир кестесінде 19 ұпаймен көш бастап келеді. Келесі тур матчтары 12 мамыр күні өтеді. "Қыран" сырт алаңда "Каспий" мен кіл мықтыны анықтайтын болады. Ал, "Байқоңыр" өз алаңында "Жетісу -Б" ұжымын сынақтан өткізеді.