Футболдан Қазақстан чемпионаты басталды: Алғашқы матч Шымкент қаласында өтті

0
702

Шымкентте өткен кездесу жергілікті команданың пайдасына 3:1 есебімен аяқталды.


Футболдан Қазақстан чемпионаты басталды: Алғашқы матч Шымкент қаласында өтті

ERNUR.KZ. Бүгін, 4 наурызда футболдан Қазақстан чемпионаты басталды. Қазақстан Премьер-лигасының 2023 жылғы маусымын Шымкентте жергілікті "Ордабасы" мен Ақтаудың "Каспий" командалары ашты деп жазады Stan.kz

Бүгінгі алғашқы кезеңнің төрт ойыны өтеді деп жоспарланған:

"Ордабасы" (Шымкент) – "Каспий" Ақтау. 14.00. Шымкент қаласындағы Қажымұқан стадионы.

"Жетісу" (Талдықорған) – "Ақтөбе". 16.00. Алматы қаласындағы "Жас қыран" стадионы.

"Тобыл" (Қостанай) – "Ақсу". 18.00. Қостанай қаласындағы "Тобыл-Арена" стадионы.

"Астана" - "Шахтер" (Қарағанды). 20.00. Астана қаласындағы "Астана Арена" стадионы.

Шымкентте өткен кездесу жергілікті команданың пайдасына 3:1 есебімен аяқталды.