Футболдан Қазақстан құрамасы жаңа бас бапкерінің есімі белгілі болды

0
573

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Андрей Карповичті жуық арада ресми түрде таныстырады.


Футболдан Қазақстан құрамасы жаңа бас бапкерінің есімі белгілі болды

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері болып Андрей Карпович тағайындалады, деп жазады vesti.kz.

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Андрей Карповичті жуық арада ресми түрде таныстырады.

Қазіргі уақытта 41 жастағы маман "Қызыл-Жар" командасының бас бапкері қызметін атқарады. Бұл маманның бастамасымен петропавлдық команда Конференция лигасының жолдамасына ие болады.

Карпович Қазақстан құрамасын Ұлттар лигасында Молдоваға қарсы іріктеу ойындарына дайындайды. Аталған кездесулер 24 және 29 наурыз күндері өтеді.

Сол ойындардан кейін Андрей Кароповичтің құрама бапкері қызметінде қала ма, жоқ па белгілі болады.