Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

0
413

Оның кандидатурасы Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің шешімімен бекітілді.


Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Магомед Адиев тағайындалды, деп жазады Vesti.kz.

Оның кандидатурасы Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің шешімімен бекітілді.

Айта кетейік, Магомед Адиев бірнеше танымал футбол клубтарда ойнады: "Анжи", "ЦСКА", "Спартак", "Терек" және қазақстандық "Жеңіс".

Бапкерлік мансабын 2010 жылы бастап, "Ахмат", "Анжи", "Чайка" командаларын жаттықтырды.

2021 жылы қарағандылық "Шахтер" футбол клубының бас бапкері қызметін атқарып, УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңіне жетті. Сонымен қатар, қарағандылық ұжымды Қазақстан Кубогының финалына шығарды.