Футболдан Қазақстан-Өзбекстан матчы қашан өтетіні белгілі болды

0
420

Ойын Ташкент қаласындағы «Пахтакор» стадионында өтеді.


Футболдан Қазақстан-Өзбекстан матчы қашан өтетіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларының жолдастық кездесуі қай уақытта басталатыны белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жолдастық кездесу 16 қараша күні, елорда уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ойын Ташкент қаласындағы «Пахтакор» стадионында өтеді.

Қазақстандық футболшылар бұған дейінгі ойынын қыркүйек айында Ұлттар лигасында Әзербайжан құрамасына қарсы өткізген еді. Соған қарамастан олар өз тобында бірінші орынмен В дивизионында сынға түсуге жолдама алды. Сондай-ақ 2024 жылғы Еуропа чемпионатында өтпелі ойындарға қатысуға мүмкіндігі бар.

Ал Өзбекстан құрамасы қыркүйек айының аяғында Коста-Рикамен жолдастық кездесуде қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

Екі құрама бұған дейін алты мәрте кездесті. Оның біреуінде қазақстандық футболшылар жеңсе, екеуінде өзбекстандық құрама басым түсті. Үш ойын тең нәтижемен аяқталды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Каспий» командасының бас бапкері тағайындалғанын жазған болатынбыз.