​Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Молдовамен ойнайды

0
1 301

Жолдастық кездесулері өтетін нақты күндер федерацияның ресми сайтында жарияланады.


​Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Молдовамен ойнайды

фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Молдовамен жолдастық кездесу өткізеді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазақстанның Футбол федерациясы Молдова Футбол федерациясымен ұлттық құрамалар арасында жолдастық кездесу өткізу туралы келісімге келді деуге болады. Федерация басқа елдермен де келіссөздер жүргізіп жатыр», - дейді ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтхожин.

Оның айтуынша, жолдастық кездесулері өтетін нақты күндер федерацияның ресми сайтында жарияланады.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы биыл алғашқы ресми кездесуін 2020 Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында 21 наурыз күні Астанада Шотландияға қарсы өткізеді. Іріктеу турнирінде Қазақстан Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр және Сан-Марино құрамаларымен бір топқа түскен.