Футболдан Ұлттар лигасының ойын кестесі белгілі болды

0
257

Жеребе тарту рәсімінен бұрын Қазақстан құрамасы В лигасында төртінші себетке орналастырылды.


Футболдан Ұлттар лигасының ойын кестесі белгілі болды

ERNUR.KZ. Футболдан 2024/25 жылғы UEFA Ұлттар лигасының ойын кестесі белгілі болды, деп жазады inform.kz.

Жеребе тарту рәсімінен бұрын Қазақстан құрамасы В лигасында төртінші себетке орналастырылды. Бұл себетте Грузия, Түркия, Люксембург құрамалары болды.

Франция астанасы Париж қаласында футболдан 2024/25 жылғы UEFA Ұлттар лигасының жеребесі тартылды. Нәтижесінде ел құрамасы үшінші топқа түсті. Қарсыластары - Австрия, Норвегия және Словения.

Топтық кезең ойындары 2024 жылдың 5 қыркүйек пен 19 қараша аралығында өткізіледі.

1 тур: 5-7 қыркүйек

2 тур: 8-10 қыркүйек

3 тур: 10-12 қазан

4 тур: 13-15 қазан

5 тур: 14-16 қазан

6 тур: 17-19 қазан

2025 жылдың 20-25 наурыз А лигасындағы ширек финал және плей-офф ойындары болады.

Финалдық турнир 2025 жылдың 4-8 маусым күндеріне белгіленген.