Футзал: «Қайрат» жолдастық турнирде «Барселонаға» есе жіберді

0
1 866

Бұл - қазақстандық клубтың испаниялық маман Марлон Веласко жетекшілігімен қатысып жатқан алғашқы турнирі.


Футзал: «Қайрат» жолдастық турнирде «Барселонаға» есе жіберді

ERNUR.KZ. Алматылық «Қайрат» футзал клубы халықаралық «Mucho Mas» жолдастық турнирінің жартылай финалында Испанияның «Барселона» командасына есе жіберді, деп жазады ҚазАқпарат.

Халықаралық турнир 19 - 20 тамыз күндері Испанияның Вальдепенья қаласында өтеді. Турнир «Төртіктің финалы» форматында болады.

Бұл - қазақстандық клубтың испаниялық маман Марлон Веласко жетекшілігімен қатысып жатқан алғашқы турнирі. Оған қазақстандық клубтан өзге сол елдің «Вальдепеньяс», «Пальма» және «Барселона» командалары қатысады.

Жартылай финалда «Қайрат» Еуропадағы тәжірибелі клубтардың бірі «Барселонаға» 1:6 есебімен есе жіберді.

Енді олар 20 тамызда 3-орын үшін сайыста «Вальдепеньяс» - «Пальма» жұбының жеңілген клубымен кездеседі.

Сондай-ақ қазақстандық клуб 23 тамызда Португалияда басталатын «International Masters Cup» турниріне қатысады. Қарсыластары - сол елдің «Спортинг», «Бенфика» және «Брага» командалары.