Футзалдан Қазақстан құрамасы алғаш рет УЕФА рейтингінде 4-орын алды

0
461

УЕФА рейтинг кестесіндегі ақпаратқа сай, Португалия, Ресей және Испания құрамалары ғана біздің ойыншылардан жоғары.


Футзалдан Қазақстан құрамасы алғаш рет УЕФА рейтингінде 4-орын алды

ERNUR.KZ. Футзалдан Қазақстан құрамасы ерлер командалары арасындағы УЕФА рейтингінің жаңартылған нұсқасында 4-орынға көтерілді, деп жазады zakon.kz.

УЕФА рейтинг кестесіндегі ақпаратқа сай, Португалия, Ресей және Испания құрамалары ғана біздің ойыншылардан жоғары.

Ал Futsal Planet нұсқасы бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан құрамасы 6 орында. Әлемдегі ең беделді Futsal Planet порталының рейтингінде Қазақстан ұлттық құрамасы 6 орынға ие болды. Жаңа рейтинг 2023 жылдың 18 желтоқсанында шықты.

Айта кетейік, Пауло Рикардо Кака шәкірттері 2024 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеуде 6 ойында 6 жеңіске жетіп Өзбекстанда өтетін додаға жолдама алды.