Футзалдан Португалиядағы турнир: «Қайрат» екінші мәрте жеңіске жетті

0
1 541

Қазақстандық команда екінші кездесуінде Португалияның «Бенфика» клубымен шеберлік байқасты.


Футзалдан Португалиядағы турнир: «Қайрат» екінші мәрте жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Алматылық «Қайрат» футзалдан Португалияда өтіп жатқан «International Masters Cup» турнирінде екінші мәрте жеңіске жетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстандық команда екінші кездесуінде Португалияның «Бенфика» клубымен шеберлік байқасты.

Ойын 5:2 есебімен «Қайраттың» жеңісімен аяқталды. Олардың қатарынан Кайо Руис пен Алекс Виана екі голдан соқса, Денер Родриго бір мәрте мергендік танытты.

Айта кетсек, «Бенфика» 2009/10 жылғы маусымда футзалдан УЕФА кубогының (қазіргі футзалдан Чемпиондар лигасы) жеңімпазы болған.

Енді алматылық клуб 26 тамызда елорда уақытымен 23:30-де португалиялық «Брагамен» кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайрат» аталған турнирде атақты «Спортингтен» басым түсті.

Ал «Қайрат» футзалдан «Mucho Mas» турнирінде қола жүлдеге ие болды.