Гандболдан ҚР әйелдер құрамасы Азия чемпионатында 3-орын алды

0
421

Қазақстан құрамасы жарыстың қола жүлдесін Иран командасымен сарапқа салды.


Гандболдан ҚР әйелдер құрамасы Азия чемпионатында 3-орын алды

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы Иорданияда гандболдан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында үшінші орын алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстан құрамасы жарыстың қола жүлдесін Иран командасымен сарапқа салды. Маңызды кездесу 38:33 есебімен Қазақстан еншісіне шешілді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалында Жапонияға 24:38 есебімен, ал Иран Оңтүстік Кореядан 24:38 есебімен жеңілген болатын.

Финалда Оңтүстік Корея мен Жапония құрамалары кездесіп, 33:24 есебімен Оңтүстік Кореяның жеңісімен аяқталды.