Геннадий Головкин мен «Канелоның» үшінші айқасы күзде өтетін болды

0
753

Екі боксшы да үшінші кездесудің алдында көктемгі жекпе-жектерін аяқтауы тиіс.


Геннадий Головкин мен «Канелоның» үшінші айқасы күзде өтетін болды

ERNUR.KZ. USA Today Sports+ инсайдері Лэнс Пагмайр жеке дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлағандай, орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен суперорта салмақтағы абсолют чемпион Сауль «Канело» Альварес үшінші жекпе-жекке келісім жасады, деп жазады ҚазАқпарат.

Айқас 17 қыркүйекте екінші орта салмақ лимитінде болады. Шоу Лас-Вегаста өтуі мүмкін, бірақ бірнеше өңір өтініш берген.

Екі боксшы да үшінші кездесудің алдында көктемгі жекпе-жектерін аяқтауы тиіс: Головкин 9 сәуірде WBA Super әлем чемпионы Риота Муратамен, ал «Канело» 7 мамырда Дмитрий Биволмен кездеседі.