Гимнаст Нариман Құрбанов Азия чемпионы атанды

0
747

Қазір Қазақстан қоржынында 3 медаль бар.


Гимнаст Нариман Құрбанов Азия чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Нариман Құрбанов Сингапурда өтіп жатқан спорттық гимнастикадан 10-шы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп жазады Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы ат снарядындағы жаттығуда үздік шықты. Ал тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанин еркін жаттығуда іріктеуден сүрінбей өтіп, финалда үздік екінші нəтижені көрсетті.


Қазір Қазақстан қоржынында 3 медаль бар.

Бірнеше күн бұрын Ұлттық құрама командалар арасындағы сайыста қола жүлдеге қол жеткізген. Жүлдегер атанған қазақстандық гимнастар күзде Бельгияда өтетін əлем чемпионатына жолдама алды.